Сәлем!бұл болгта сіздерді көргенімізге қуаныштымыз!бұл блог Қазақстан республикасы Астана қаласы Нұр-Отан ХДП-ның Жас отан жастар қанатының блогы.алдағы уақытта бұл блогты толықтай сайтқа ауыстыруымыз мүмкін.одан бұрын осы блог арқылы қазақ тілді қауымға шынымен Жас отан жастар қанаты,жастар мәслихатының жастар мен ел үшін қандай жұмыс атқарып жатқанын мүмкіндігінше жеткізіп отырмақпыз.мұнда күнделікті нақты атқарылған істер туралы,акцялар туралы жарияланып отырады.әртүрлі маңызды қоғамдық іс шаралар өткізілетін болса сол туралы да нақты,анық ақпараттар берілетін болады.мұндағы мақсатымыз белді партияның сойылын соғып жүру емес,сол партияның негізінде құрылған осы ұйымға берілген мүмкіндіктерді пайдалана отырып шамамыз жеткенінше қоғамға пайдамызды тигізу.басты бағыттар да сол қоғамдық аса қауіпті проблемалармен күрес туралы болмақ.мысалға жемқорлықпен күрес,қазақ тілінің деңгейін көтеруге үлес қосқысы келетін жастар үшін мұнда жақсы жағыдайлар жасалған.келіңіздер,елімізді алға сүйреитін барлық шараларға қатынасып,отанымыздың болашағы үшін бүгіннен күресейік!